DEPPA podcast
By QazaqGrammar × QialDub
QazaqGrammar мен QialDub админдері жүргізетін, мәдени трендтерді талқылайтын подкаст.
Latest episode
-
13. Кинохабар: Гай Ричи, ComicCon, УанПис, Marvel/DC
Бұл эпизодты Dequine деген орысша сөйлейтін әншінің 2GIS навигаторын қазақша дыбыстағаны туралы хабардан бастадық. Артынша Астанада өткен ComicCon фестивалін талқыладық, қазақ тіліне қатысты мәселелерін айтып өттік. Сонымен қатар соңғы киножаңалықтар… -
12. Музыка, Kanye West, OyuFest, хип-хоп
Бұл шығарылымда музыка жайлы сөз қозғадық. Соның ішінде Алматыда өткен Oyu фестиваліне қатысты қызықтарды және Hurts тобының консертіндегі ерекшеліктерді атап өттік, одан бөлек Канье Уестің музыка мен сән әлеміне қосқан елеулі үлесін, Тревис Скоттың … -
11. Barbenheimer, Семей полигоны, Курчатов, Шаған
Бұл эпизод Барбенхаймер қос фильмі туралы болды. Сонымен қатар 29 тамыз Семей полигоны жабылған күнін тілге тиек етіп, атомдық жарылыс мәселесі жайлы сөз қозғадық. Жүргізушілердің бірі Мақсат Семей полигонымен тығыз байланысты Курчатов пен Шаған қала… -
10. Баяғы Мухоряп сол Мухоряп
Эпизод сапасына қатысты ескерту: кейбір жерлерінде дыбыс нашарлау болуы мүмкін. Алдын ала кешірім сұраймыз. Chocolife компаниясының басшысы Рамиль Мухоряпов былтыр қазақ тіліне қатысты болған дауы жөнінде Forbes арнасына жауырда сұхбат берді. Біз … -
09. Telegram қазақшаға қалай аударылды
Қазақша Telegramның аудармашысы Мұрат Кәрібаймен Telegram’ды қазақшаға қалай аударғаны туралы сөйлесіп, біз және басқа да белсенділер бұл істі жүзеге асыруға қалай атсалысқанымыз туралы әңгімелестік. Telegram аудармасының қиындықтары мен ерекшеліктер… -
08. Таңғажайып Spider-Man: Across the Spider-Verse
Өрмекші-адам: өрмекғалам арқылы деген жаңа анимациялық фильмді көріп келдік. Фильмді талқылап отырып, өзіміздің белгілі бір дәрежеде гик екенімізді аңғардық. Сондай-ақ Марвелдің мультиғаламдық мәселелерін, өрмекші-адамдардың тағдырын және әдеттегідей… -
07. Камила Смағұл: үш тілді араластыру
Қонағымыз Камила Смағұлмен Прагада кездесіп, подкаст эпизодын жазып тастадық. Бұл эпизодта code-switching (тілдерді араластырып сөйлеу), PaperLab орталығы, ғылыми зерттеулер мен зерттеушілер туралы және ағылшын тілін қалай үйренгеніміз жайлы сөйлесті… -
06. Галактика сақшылары: күлдіреді, сосын жылатады
Жуырда шыққан Галактика сақшылары: 3-бөлім (ГС) фильмі бізге несімен ұнады және сізге несімен ұнауы мүмкін? Marvelдің суперқаһармандық кинотуындыларына алдын ала күмәнмен қарайтын болсаңыз, ГСны Джеймс Ганн түсіргенін ескеріңіз. Өйткені бұл режиссер … -
05. Қазақ тілі жайлы ауқымды шығарылым: мифтер, таптаурындар
Бұл подкасты бастаған кезде тілді қозғамаймыз, тек трендтерді талқылаймыз деп ойлағанбыз. Алайда күнделікті жаңалықтар тіл тақырыбынан алыстауға мүмкіндік бермейді. Сондықтан бүгінгі эпизодымызда қазақ тілі мен қазақтар туралы барынша ашық әрі толық … -
04. Beef сериалын не үшін ұнаттық? Спойлерсіз (дерлік)
Соңғы жылдары Холливуд пен батыс стримиңдері Азия мәдениетіне, соның ішінде киноиндустрияда өз орнын тапқан азиялықтарға көп қызығушылық танытып жатыр. Олар түсірген кинотуындылар тың идеяларымен таң қалдырады. Мұның ең жарқын мысалы — жуырда шыға са…